Сарапшы: Президент сайлауы – жаңашылдықтың көрінісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Президент сайлауы – жаңашылдықтың көрінісі

22.09.2022

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. 20 қараша күні өтетін республикалық саяси науқан жайлы сарапшылар пікірі осындай.

Елдос Жұмағұлов, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Президент сайлауының логикасына келетін болсақ. Елімізде қанша өзгерістер болды. Екі жолдау мен жаңа конституция қабылданды. Енді осы өзгерістерді жасау үшін Президент жаңа сенім мандатын алу керек. Өйткені, осы реформаларды халық қолдайма, қолдамай ма деген сұрақтарға халық осы сайлауда жауап береді деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу