Премьер-Министр ДДСҰ өкілімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр ДДСҰ өкілімен кездесті

22.09.2022

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен кез келген бағытта тәжірибе алмасуға дайын. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесуінде айтты. Жиында денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мәселелері мен елдің медицина саласындағы халықаралық бастамалары талқыланды. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын тіркеу және экспорттау жайы да сөз болды. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, олардың мәртебесін, әлеуметтік қорғалуын нығайту, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясын келер жылы Астанада өткізу мәселесі көтерілді.


Хабарламаларға жазылу