Премьер-Министр Еуропалық Одақ елшілерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Еуропалық Одақ елшілерімен кездесті

23.10.2020

8 айда Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы 15,5 млрд долларды құрады. Бүгін Премьер-Министр Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесу өткізіп, жаһандық дағдарыс пен пандемия жағдайында экономиканы одан әрі дамыту жайын сөз етті. Асқар Мамин Еуроодақ елшілерін сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын қолдау бойынша ашық және белсенді диалогқа шақырды. Өз кезегінде елшілер Қазақстан экономикасының тұрақтылығын және Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралардың жүйелілігін атап өтті. Кездесуге еліміздің ірі корпорациялар мен холдинг басшылары да қатысты. 

Ләйлә Дулатқызы

Премьер-Министр

Хабарламаларға жазылу