Өрт сөндірушілердің айлығы 40 пайызға көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт сөндірушілердің айлығы 40 пайызға көтеріледі

21.09.2022

Өрт сөндірушілердің айлығы өседі. Жаңа жылдан бастап 40 пайызға көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Елдегі ең қауіпті жұмыс саналса да, еңбектері тиісті деңгейде еленбей келеді. Әлеуметтік жағдайлары шешілмеген. Тілсіз жаумен алысып, өмірлеріне күн сайын қауіп төнетіндердің айлығы 100 мыңнан сәл ғана асады. Президент тапсырмасынан кейін қазір осы мәселе Үкіметте қаралып жатыр.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Қазір Мемлекет басшысының және Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты кемі 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлердің айлығы өседі.


Хабарламаларға жазылу