Алдағы сайлаудан халық не күтеді? Әріптесім астаналықтардың пікірін сұрап көрді.
Қазіргі таңдағы әлемдегі болып жатқан геосаяси күрделі ахуал заманында әрине жақсы септігін тигізу керек. Себебі, президенттік өкілеттілікті қайтадан созып алғаннан кейін, орнына заңды түрде президент отырғаннан кейін алдағы болатын біздің елдің даму жолындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларды арттыруға бұл сайлаудың ықпалы зор.
Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауын толығымен қолдаймын. Ол жерде біздің жастарға көп мүмкіндік бар, біздің балаларымызға көп мүмкіндік бар. Сосын қазіргі көршілеріміздің саяси жағдайларына байланысты Президенттік сайлаудың мерзімінен бұрын болуын да жақтаймын. Себебі бұл кісі көп реформаларды жаңадан бастап жатыр, көп жаңашыл бағдарламалар еніп жатыр. Сондықтан оның дұрыс бітіп, іске асуы үшін уақыт керек деп ойлаймын. Сондықтан қолдаймын, сайлауға барып, өз таңдауымды жасаймын.