Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді

21.09.2022

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 миллион доллар бөлді. Абу-Дабиге ресми сапармен барған Премьер-министр Әлихан Смайылов шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Үкімет басшысы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген. Соңғы жылдары түрлі саладағы бірлескен жобалар да артқан.

Хабарламаларға жазылу