1200 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1200 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды

27.08.2015
1200 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды

Елорда төрінде 1200 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Шейх Халиф бен Зайд Аль Нахайян атындағы білім ордасының алғашқы кірпішін қала әкімі Әділбек Жақсыбеков пен БАӘ-нің Президенті істері жөніндегі министрінің орынбасары Ахмед Джумаа Аз-Зааби қалады.

Мектеп Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ортақ жобасы. Жаңа ғимарат БАӘ тарапынан бөлінген қаржыға салынады. Жалпы инвестиция құны 13 миллион  доллар. Бұл ірі құрылыс екі ел басшыларының өзара сенімге құрылған қарым-қатынасы негізінде мүмкін болып отыр,-деді өз сөзінде қала басшысы.

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу