Президент бұл проблемамен күресу үшін Қазақстан алдағы уақытта өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы нәубет кезінде Қазақстан аштық қасіретін бастан кешкенін, сондықтан азық-түлік проблемаларын шешуге толық мүдделі екенін айтты.