Елдегі коррупция көп тіркелетін министрліктер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі коррупция көп тіркелетін министрліктер анықталды

20.09.2022

Биылғы 8 айда әр түрлі министрлікте жұмыс істейтін 111 адам жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп, қылмыстық іс қозғалған. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Құқық бұзушылықтың көбі Қаржы министрлігінде тіркелген. Былтыр 31 болса, биыл 33 адам күдікке ілінді. Екінші орында - Қорғаныс министрлігі. Биыл 22 әскери тергеліп жатыр. Үштікті Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түйіндеп тұр. Бұл мекемелердің 16 қызметкерінің үстінен іс қозғалған. Алайда қылмыс деңгейі былтырғыдан азайған мемлекеттік органдар да бар. Мәселен, Ақпарат және қоғамдық даму, Энергетика және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде жыл басынан бері ешқандай жемқорлық дерегі тіркелмеген. 


Хабарламаларға жазылу