Румынияның бірнеше қаласында шеруге 250 мыңдай адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияның бірнеше қаласында шеруге 250 мыңдай адам жиналды

02.02.2017
Олар үкіметтің коррупция үшін айыпталған кейбір шенеуніктерді қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешіміне наразы.

Румынияның бірнеше қаласында өткен шеруге 250 мыңға жуық адам қатысқан. Олар үкіметтің коррупция үшін айыпталған кейбір шенеуніктерді қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешіміне наразы.

Атап айтсақ, мемлекетке 47 мың доллардан кем шығын келтіргендерге жеңілдек берілмек. Бұған қоса, 5 жылдан аз мерзімге бас бостандығынан айырылғандарға амнистия жариялануы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу