Екібастұзда қаланы электр энергиясымен қамтитын компания бағаны заңсыз өсірген.
Мекеменің бұл әрекетін Қаржылық морниторинг агенттігінің мамандары анықтады. Сондай-ақ, кәсіпорынның екі жыл ішінде 580 миллион теңгеден астам қаржыға жөндеу жұмыстарын жүргізді деген мәліметтері де күдік тудырып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жария етілмейді.
Әлібек Әбділов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті қаладағы электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тексеру бастады. Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар.
Жақсыбек Кемал