Көмірді көлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмірді көлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді

19.09.2022

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмірді көлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізді. Тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған қатты отын шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қайта сатып жатқандар көбейген. Министрлік өкілдері бұл шешімі барлық тараптың ұсынысын ескеріп, қабылданғанын айтады. Басты мақсат - жылу беру маусымы кезеңінде көмір тапшылығының алдын алу. Бұған дейін жауаптылар биыл 66 млн тонна көмір өндірілгенін хабарлаған. Оның 7 млн тоннасы тұрғындарға қажет.  

Хабарламаларға жазылу