Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыты – азаматтарға қамқорлық көрсету, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Талқылау кезінде Президенттің Жолдауы елдің саяси, қоғамдық және экономикалық өміріндегі ең ауқымды жүйеге айналғаны сөз болды. Сондай-ақ қатысушылар тұрғындардың әлеуметік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Тастемір Әбішов, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы:
Азаматтардың біздің елімізде тұрып жатқан өзге де адамдардың, олар қандастар болсын, азаматтығы жоқ адамдар болсын солардың әлеуметтік экономикалық құқықтарын әлеуметтік-экономикалық деңгейде және Қазақстанның адам құқықтары саласында ратификацияланған халықаралық шарттары бар. Соның нормаларына сәйкес, қорғауды жүзеге асыру көзделген.