Астана атауы қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана атауы қайтарылады

16.09.2022

Бүгін бірлескен отырыста ұсынысты қос палата депутаттары бір ауыздан мақұлдады. Әрі Президент мандатына қатысты заң жобасын құптады.

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Ата Заңға тағы өзгеріс енеді. Мұны қос палата лезде екі оқылымды қатар өткізіп бір ауыздан мақұлдады. Сонымен президент мандаты 7 жылдан аспайды және 1 мерзімге ғана сайланады. Әрі бұл норма енді ешқашан өзгертілмейді, деді Әділет министрі. Оған конституциялық кеңес кепіл болады. Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының мерзімі осы тәртіппен, бірақ 8 жылға сайланады. Бұрын 6 жыл-тын. Сонымен қатар мәжілістің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының елорда атауына қатысты ұсынысын да қос палата қолдады. Демек Астана атауы көп ұзамай қайтарылады. Өзгеріске қатысты бюджеттен қаражат көп жұмсалмайды. Себебі қазір құжаттың дені электронды. Әрі азаматтардың жеке құжаттары да өзгеріссіз қалады.

Сонымен конституцияның 5-бабына өзгеріс енгізіледі әрі 1 бап толықтырылады. Ал алдағы сайлау уақыты Президент жарлығынан кейін белгілі болады.


Хабарламаларға жазылу