Көрмеге қатысқан зиялы қауым, фольклортанушы-этнографтар көптомдыққа әлемде теңдесі жоқ бірегей жоба, қазақтың жері қандай бай болса, руханияты да сондай бай екенін, осы «Бабалар сөзі көрсетеді» деген баға берді.
100 томдық - атадан балаға ауызша аманат болып, XVII-XX ғасыр аралығындағы араб, парсы, латын, қадім, шағатай, төте араб жазуымен түрлі сапада там-тұмдап болса да хатқа түскен ұлттық мұра.
Осыдан 10 жыл бұрын Елбасы бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында басылған топтама ғылыми басылымдардың жүйесінде дайындалған.
Жазира ИСАЕВА