Біз әділетті Қазақстанды құруға екпін жасап отырмыз. Саяси трансформация жолында еліміздегі конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулықтың маңызы жоғары. Бұл бір-бірімен егіз ұғымдар. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Және съездің мақсаты мен маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біздің алдымыздан шығып отырған қазіргі қауіп-қатерлердің барлығын біз осы рухани, діни лидерлердің қолдауымен шешеміз деп ойлаймын. Сондықтан біздің еліміз өркендеуші, өскелең болуы үшін өзіміздің елімізде де саяси тұрғыдан трансформацияны жүргізіп жатырмыз.