Отбасы банкі 1 қазаннан бастап жылдық пайыздық мөлшерлемені өсіреді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 7 пайыз болса, бұдан бұлай 11,5 пайызға дейін көтеріледі. Осы арқылы банк жинақ мәдениетін қалтастырмақ.
«Отбасы банк» өкілдері бұл өзгеріс мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алғысы келетіндерге қатысы жоқ екенін айтты. Бұл тек аралық тұрғын үй несиесіне сараланған пайыздық мөлшерлемелерге қолданылады. Яғни, үй құнының 50 пайызын жинап, депозитте ай сайын қаражат салмаған, бірақ бірден үй сатып алғысы келетіндерге қатысты. Жалпы, мөлшерлемені көтеру арқылы ел тұрғындарын жинақтау жүйесінде белсенділігін арттырмақ.
Меруерт Ахметуллина, «Отбасы банкі» бизнесті дамыту басқармасы басшысының м.а.
Егер де, біздің салымшымыз менде әлі уақыт бар, мен 1айдан 6 айға дейінгі уақытта сіздердің банктеріңіз де өзімнің қолымдағы қаражатымды салып қойып, тоса аламын деген мүмкіндіктер болатын болса, онда ол кісілер бұрынғыдай 7 пайыздан 8,5 пайызға дейінгі несиелеріне қолжеткізуіне мүмкіндіктері бар.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – салымшы депозитін неғұрлым ұзақ уақыт жинаса, соғұрлым несие мөлшерлемесі төмен болатынын алға тартты. Ал, экономист Дәулет Төлеутайұлы үй құнының 50 пайызын жинап үлгерген адамдарға мынадай кеңес береді.
Дәулет Төлеутайұлы, экономист:
Сіздің жинаған ақшаңызды бағалау көрсеткіші 16-ға толмай банк өзі жеке ақша береді. Толық үйдің соммасын. Ал, сіздің ақшаңызды кепілге қояды. Қалай азырақ төлеуге болады деген сауал болса, қазір счет сатып алатын мүмкіндіктер бар. Ол счетті онлайн сатып алатын мүмкіндіктер бар. Ешкіммен кездеспейсіз, барлығы «Отбасы Банктің» жеке сайты арқылы жүзеге асырылады.
Бұған дейін аралық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 7-8,5 пайыз аралығында болатын. Егер, үйдің 50 пайыз ақшасын жинаған болса, 1 қазанға дейін уақыт бар. Сол аралықта алып үлгерген адамдарға бұл өзгеріс әсер етпейді.
Асылбек Данияр