Шығыстықтар мемлекеттің қолдау қаражатын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстықтар мемлекеттің қолдау қаражатын ала алмай жүр

12.09.2022

Шығыстағы Зайсан ауданында шағын кәсіп бастағысы келетін азаматтар мелекеттен берілетін грантты ала алмай жүр. Басты кедергі Egov жүйесі арқылы құжат қабылдайтын порталда. Яғни портал әр ауданға қанша грант бөлінді, соған сәйкес қана тапсырыс қабылдайды. Одан соң автоматты түрде тоқтайды. Зайсан ауданында биыл 425 адам «Бастау бизнес» бағдарламасын оқып, сертификат алған. 

Қырық жыл бюджеттік мекемеде жұмыс істеген Сәния Жүнісова мал өсіруге ден қойғысы келеді. Ол үшін үш ай арнайы курс оқып, сертификат алған. Кәсіп бастау үшін мемлекеттен грант алу мақсатында конкурсқа қажет құжаттарды жинап, арнайы порталға жүктемек болғанда кедергі туындайды.

Cәния Жүнісова, Зайсан қаласының тұрғыны:

Бизнес жоспар құрдық. Бірақ тіркеу жасар кезде база алмайды. Айналып тұрып алады. Зайсан бойынша шектеу деп база ары қарай жүрмей қалды. Міне қайтадан сіздерге көрстейін десем, Egovтың өзі істемей тұр. Сонымен істейік деп отырған шаруамыз жарты ортада тоқтап тұр.

Жоспары орта жолда тоқтап қалған Сәния секілді азаматтар қазір аудан орталығында сабылып жүр. Кәсіп ашуға мемлекеттен бір рет берілетін демеу қаржыға үміттілердің көбісі ауыл тұрғындары.

Арай Көшербаева, көпбалалы ана:

Мен сонау Қарасайдан келем. Пәленбай шақырым. Мен кейде естімей де қалам. Өтйкені интернет жоқ. Қарпайым ұялы телефон ұстамай қалады. Мен естіп келгенше кісі толып қояды. Мені автоматты түрде компьютер лақтырып тастайды. Екі келдім, екі рет те өте алмадым.

Нәзигүл Кеңесханқызы, кәсіпкер:

Жолдауда Президент жаппай халықты кәсіпкерлікке ынтанадыру керек, деп отыр. Жастарға мысалы 2,5 несие беру ерек деп отыр. Ал біз өзіміздің бизнес жоспарымызды жасап қойдық,Енді соны қорғап, үкіметтің беріп отырған мүмкіндігін пайдалана алмай отырмыз.

Ауданның салаға жауапты бөлім басшылары мәселеден хабардар.Порталдан құжаттары өткен үміткерлердің арасынан комиссия іріктеп тиімді жобаларға қаржы бөледі. Ал порталдың жұмысына комиссия әсер ете алмайды- деп, отыр.

Аян Әлібеков, Зайсан аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

Әр адам ЭЦП кілт арқылы порталға кіру керек. Порталға кіріп өтінім береді. Өтінім берген кезде мына гранттың жоспары лег-легке бөлінеді. Берілген санның адамның санына толған соң портал автоматты түрде жаблып қалады. Сол себепті адамдар гратқа ие бола алмай қалады.

Биыл Зайсан ауданында 425 адам кәсіпкерліктің әліппесін үйреніп, сертификат алған. Мемлекеттен 57 миллион теңге бөлінген. Бұл 45 грант қана. Бір адамға бір миллион екі жүз мың теңгеден беріледі. Құжаттарын өткізе алмаған 380 адам қаржыдан қағылғалы отыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу