Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

12.09.2022

Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады. Марат Омаров монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы есеп берді. Жыл басынан бері осы сала бойынша 300-ге жуық арыз-шағым түсіп, олардың 78 пайызы оң шешімін тапқан. Агенттіктің негізгі міндеті - нарықтың барлық қатысушыларына тең жағдай жасау. Осы орайда жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөлінеді, -  деді Марат Омаров.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу