Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады

29.03.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Президентке Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жайында және сауда биржасы жүйесінің іске қосылғаны туралы айтылды. Бәсекелестікті қорғау жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды. Президент агенттік төрағасына дәрілік заттар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарын реттеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу