Елімізде 16 мың кәсіпкердің банкке берешегі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 16 мың кәсіпкердің банкке берешегі бар

09.09.2022

Бизнестің өтелмеген қарыздарын енді инвесторлар сатып ала алатын болды. Жаңа заң 4 қыркүйектен бастап күшіне енді. Бұрын борышкерлердің қарызы мемлекет, банктер, коллекторлық агенттіктер мен басқа да қаржылық ұйымдарға ғана берілетін. Олардың тәркіленген мүлікке қаржы құйып, кәсіпті жалғастыруға құқы болған жоқ. Енді инвестордың бұл активтерді одан ары дамытуға мүмкіндігі бар. Шара банктерді төленбеген несиелерден мемлекеттің қаражатынсыз тазартуға бағытталған. Инвесторға берешектерді басқару және талдау бойынша сервистік агенттіктер қызмет етеді.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

Кредиттерді сервистік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру мынадай жағдайда көзделген. Ол заңды тұлғалардың 50 миллион теңгеден кем берешегі бар ұсақ қарыздарды сатып алу кезінде, дара кәсіпкерлердің қарыздарын сатып алу кезінде, қарыздарды бейрезиденттер сатып алған кезде.

Елімізде 16 мың кәсіпкердің банкке берешегі бар. Қарыздың жалпы сомасы 1 триллион теңге.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу