Жетісай ауданындағы 15 шақты азамат баспаналарының құжатын қайтара алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісай ауданындағы 15 шақты азамат баспаналарының құжатын қайтара алмай жүр

27.02.2020

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы он бес шақты шаруа банкке кепілге қойған баспаналарының құжатын қайтарып ала алмай жүр. «Қазагроқаржы-Жетісай» микрокредиттік ұйымы шаруалар алған несиесін әлдеқашан толық төлеп құтылса да, оларды сабылтумен келеді. Өйткені несие беру ұйымы берешек ақшамызды «Ауыл шаруашылығын қолдау қорына» дер кезінде құймай, оны бас пайдасына жаратып жібергенін айтады диқандар. Жетісай ауданындағы тағы 14 азаматтың басында да тап осы жағдай. Барлығы да қарыздарынан әлдеқашан құтылып қойған. Бірақ құжатсыз қалуы жермен күнелткен ауыл адамдарының тірлігіне тұсау болып тұр. Несие алайын десе мүлкі бар, құжаты жоқ.

Шаруалар микрокредиттік ұйым директоры Жақсыбек Әбдіғаппаровты кінәлап отыр. Айтуларынша, банкке құйған қаржыларын жеке басына жаратып жіберген. Сөйтіп құжатты әне-міне беремінмен түлкібұлаңға салып келетінін айтады олар.Ұйым басшысы шаруалардың берешегі жоқ екенін өзі де растады.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу