Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу: Қоғам қандай пікірде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу: Қоғам қандай пікірде?

09.09.2022

Балабақша санын, тәрбиешінің жалақысын өсіру және әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру. Халық арасында тап осы бастамалар оң баға алып, талқыланып жатыр. Бұдан бөлек, еліміздің түкпір-түкпірінде жүргізіліп жатқан сауалнамада Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу және қайта сайлануға тыйым салу бойынша да пікірлер легі басым.

БЛИЦ:

Бір реттік 7 жылдық сайлау әрине бұл өте дұрыс деп айта аламын. 7 жылдық Президент сайлауы да әр Президенттің бастаған жұмысын толық аяқтап, халыққа қызмет етуіне мүмкіндік болады деп ойлаймын. Бұл нағыз авторитарлық емес демократиялық мемлекеттердің белгісі.
Президент Жолдауында студенттерге, білімгерлерге арналған ақылы оқып жатқан студенттерге несие беру жағын айтқым келеді. Ең тиімді жағдай. Өйткені көбісінің артынан еріп келе жатқан бауыр-сіңлілері бар. Соларға да тиімді болады.
Президенттің7 жылда бір рет сайлануы – жаңа бастама. Оны мен халық, қоғам ретінде қолдаймыз. Өйткені, сайланған Президент 7 жылда өзінің бағдарламасын ұсынып, сол бағдарлама бойынша біраз жұмыс жасалады деген ойдамыз. Және де 2023 жылдың ортасына таман Президент Үкімет, Парламент жаңғыртады және бұл кезекте мемлекетіміз Жаңа Қазақстанның құрылуына, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына мол үлесін қосады деп ойлаймын.
Әйелдер қауымының зейнет жасы 61 жасқа бекітілді. Бұл аналар үшін және де ананың құрсағынан шыққандықтан бізге де құлаққа жағымды естілді.

Хабарламаларға жазылу