Президент мандатын бір мерзіммен шектеу: Халық пікірі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент мандатын бір мерзіммен шектеу: Халық пікірі қандай?

14.09.2022

Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеп, қайта сайлануға тыйым салу. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тап осы бастамаға халық оң баға беріп жатыр.

БЛИЦ:

Үлкен программаларды орнынан келтіріп, толық орындау үшін уақыт керек оған. 7 жыл деген жақсы. Халықтың жағдайын көтеруге, жақсы прогрмма бітіруге жететін уақыт қой деп ойлаймын.

Енді президенттер бір мерзімге ғана сайланады, бұл енді біздің сайлау жүйесіндегі өзгертілген ең тиімді жүйе деп ойлаймын. Өйткені 7 жылдың ішінде ол алдағы тұрған мәселелерді тезірек іске асыруға тырысады.

Бұл өте жақсы бастама. Және де бастаған саяси өзгерістерді, саяси реформаларды, кез-келген жақсы бағдарламаны аяғына дейін жеткізу үшін, толыққанды жеткізу үшін және нәтижесін көру үшін осы жеті жылдық мерзім мүмкіндік береді деп есептейміз.

7 жыл жақсы уақыт қой, өз-өзін көрсетуге, экономиканы дамытуға, көтеруге. Енді біраз уақыт қой, аз емес, нәтижелері болады деп ойлаймын. Негізі халыққа жақсы көзбен қарап жатыр деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу