Абай облысындағы дала өрттері көп аудандарда сөндірілді. Үржар ауданында қызыл жалын оқшауланған. Қазір тілсіз жаудың ошақтарын толықтай сөндіру үшін жұмыстар жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары барлық күшті жұмылдырып, аумақты тікұшақпен бақылап жүр.
Ержан Жақып, тілші:
Соңғы ақпараттарға сәйкес Абай облысының аудандарында шыққан өрттің беті қазір қайтқан. Кейбір жерлерде қызыл жалын толық сөндірілген. Ал Үржар аудананда өрт оқшауланды. Алайда қозданып жатқан жерлерді толықтай сөндіру әлі жалғасып жатыр. Тілсіз жаумен күресуге Павлодар облысының өрт сөндірушілері көмекке келген. Көп жерлерде өрт жергілікті тұрғындардың күшімен тоқтатылған. Абай облысындағы Тоқтамыс ауылына тілсіз жаумен күресуге Семейден бір топ адам арнайы барып көмектескен. Өрт сөндіру кезінде бір ауыл тұрғынының денесін күйік шалып ауруханаға жеткізілген. Қазір облыс көлемінде қанша аумақты өрт шалғандығы мен шығын мөлшері есептеліп жатыр.