Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге баспана салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Бұл қаржыға Әулиекөл ауылында 4 бөлмелі 91 баспана салынады. Үй салуға арнайы жер беріледі. Қаражатқа инфрақұрылым тарту жұмыстары да жүргізіледі. Баспаналар сумен, газбен, электр энергиясымен қамтылады және жол салынады. Нысаналы қаражат Үкімет резервінен бөлінеді, - деді министр.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Қазіргі таңда бірінші бюджеттік өтінім келді. Әр үйге бөлсек 25 млн теңге бөлінетін болады. Ол қаражат арнайы бөлінетін учаскелерге сол орталықтың ішінде үйлер салынатын болады. Әр учаскеге 10 сотық беріледі. Әр үй 100 шаршы метрге салынатын болады.
Дарын Сағитов