Қостанай облысы: Баспанасыз қалғандарға 91 үй толық салынып бітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы: Баспанасыз қалғандарға 91 үй толық салынып бітті

20.10.2022

Қостанай облысында алапат өрт салдарынан баспанасыз қалғандарға салынып жатқан үйлердің құрылысы толық аяқталды. Жаңа қалашық Әулиекөл кентінің іргесінен бой көтерді. Құрылыс жұмыстары 6-шы қырүйекте басталған. Екі айға жетпейтін уақытта 91 баспана салынып, барлық коммуникациямен қамтылды. Төрт бөлмелі үйлердің жалпы аумағы 100 шаршы метр. Қосалқы шаруашылық жүргізуге қолайлы 10 сотық жер телімі бар. Үйлер табиғи газбен жылытылады, орталық су желісіне қосылған. Қазір қалашық аумағын тазалау, абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Санаулы күндерден соң тұрғындар қоныстана бастайды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу