Биыл Қазақстанда 17 миллион тонна мұнай өнімдері өндірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда 17 миллион тонна мұнай өнімдері өндірілмек

08.09.2022

Биыл Қазақстанда 17 миллион тонна мұнай өнімдері өндіріледі. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Шымкент пен Атырау зауыттарындағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Бұл елімізді қосымша 150 мың тоннаға дейін дизель отынымен қамтамасыз етеді. Қазмұнайгаз компаниясының басшысы Президентке Каспий құбыр желісі консорциумындағы қазіргі ахуал туралы да мәлімет берді. Мұнай танкерлерге тұрақты түрде құйылып, кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу