25 қазан Ұлттық мереке – Республика күні болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 қазан Ұлттық мереке – Республика күні болады

07.09.2022

Бұл туралы бүгін Мәжіліс қабырғасында Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, Президент өкілеттігі 1 жарым жылдан кейін аяқталады. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауындағы бастамасы аясында Жарлық шығарып, сайлау өтетін күнді белгілейді. Қолданыстағы заңда мерзімінен бұрын сайлау жариялау қарастырылған, деді министр.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 25 қазан Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өтуді қолдады. Ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелер қатарында қалады. Депутаттар Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістерге сәйкес, Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды да қолдады.

Хабарламаларға жазылу