Таразда 25 қазан күні «Көне Тараз» кешенінде ауқымды мәдени шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 25 қазан күні «Көне Тараз» кешенінде ауқымды мәдени шара өтеді

14.10.2022

Республика күні еліміздің түкпір-түкпірінде тойланады. Жамбыл облысында да мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Жаңа ғана өңірде арнайы брифинг өтті. Мереке күні қандай іс шаралар жоспарланған.

Республика күні аймақта 22 қазан күні салтанатты жиыннан басталмақ. Онда мерекеге орай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталады. Дәл осындай іс-шаралар Тараз қаласы мен аудандарда да жалғасады. Ал 25 қазан күні «Көне Тараз» кешенінде ауқымды мәдени шара өтпек. Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен елді мекендерде 19 әлеуметтік нысан ашылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, саябақтар мен орталық алаңдарда жәрмеңкелер мен концерттер өткізіледі. Тал-дарақтар қырқылып, билбордтар жаңарып, қалның келбеті көркейе түспек. Яғни, сол күні облыс тұрғындары Республика күнінің айрықша екенін сезінеді деген үміттеміз.


Хабарламаларға жазылу