Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қазір оттың тек 4 пайызы бақылауға алынған. Аптап ыстық пен екпінді жел жағдайды тіптен ушықтырып отыр. 9 мың гектардан астам аумақ күлге айналған. Тілсіз жаумен күреске 175 өрт сөндіруші тартылды. Ауа сапасын бақылау департаменті жүрек немесе өкпе ауруына шалдыққан адамдарға үйден шықпауға кеңес берді. Ал қауіпті аймақ тұрғындары эвакуацияланды.