Павлодардан 50 тонна жүк тиелген 4 көлік Қостанайға жол тартты. Көбі құрылыс материалдары. Ал бұған дейін төсек-орын жабдықтары мен тез бұзылмайтын азық-түлік жіберілген еді. Алапат өрттен зардап шеккендерге кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым тұрғындар да қол үшін созып жатыр. Ал еліміз бойынша 3 күнде аманаттықтар 1200 тонндан аса гуманитарлық көмек жинады.
Илья Теренченко, «АМАNАТ» партиясының Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
Бүгін біз көбінесе құрылыс материалдарын жіберіп жатырмыз. Оның ішінде цемент, тас плита, түсқағаз, кафель, қабырға панельдері бар. Зардап шеккендерге жаңадан үй салынады деп жатыр. Бірақ бұл материалдар артық етпейді деп ойлаймыз. Қостанайфилиалымен» тікелей баланыстамыз, не керегін біліп отырмыз.
Түркістан облысының халқы да Қостанайдағы алапат өрттен жапа шеккен тұрғындарға 72 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Оның 50 тоннадан астамын Арыс пен Мақтаарал ауданының тұрғындары жинап берді. Бірнеше жыл бұрын олар да осылай қиын жағдайда қалған еді. Сауапты іске қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер де атсалысты. Ал Мақтаарал тұрғындары бір түн ішінде 23 тоннадан аса тауар жинады. Барлық ауданда гуманитарлық көмек орталығы ашылған.
Болат Аманбаев