Павлодардан Петропавлға гуманитарлық көмек жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардан Петропавлға гуманитарлық көмек жөнелтілді

16.04.2024

Бүгін Павлодардан 20 тонна жүк тиелген 4 көлік Петропавл қаласына жол тартты. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірге азық-түлік, жылы киім және сорғы, күрек сияқты аса қажет заттарды апара жатыр. Бүгінгі күні Павлодар қаласында гуманитарлық көмек жинауға арналған бірнеше орын бар. Оған ірі кәсіпорындар, еңбек ұжымдары мен саяси партиялар, қарапайым тұрғындар шама-шарықтарынша үлес қосуда. Күні бүгінге дейін су басқан өңірлерге 73 тонна жүк жіберілді.

Жанақ Заятов, Ерікті:

Біздің орталық базаға көптеген көмектер келіп жатыр. Соның біреуін қазір біз Петропавл қаласына жібіеріп жатырмыз… Бізге гуманитарлық көмек келеді. Біз оны артуға, түсірісуге көмектесіп жатырмыз. Біз біргеміз деп айтқым келеді

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу