Соңғы мәліметке қарағанда, жауындатқан дауыл қазір Оңтүстік Кореяға беттеп жатыр.
Алапат жел мен төпелеген жаңбырдан Күн Шығыс елінің әсіресе Кюсю аралы зардап шекті. Дегенмен құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тайфун қаупіне байланысты елдің кейбір бөліктерінде әуе рейстері доғарылып, бірқатар фабрикалардың жұмысы тоқтаған.