Мұнда Президент Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен таныспақ. Бұған дейін Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өртті сөндіру шараларына басымдық беруді және өрт салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлуді тапсырған еді. Осыған қатысты жедел кеңес өткізген Үкімет басшысы баспанасы өртенгендерге жаңа үйлер салынатынын айтқан болатын.