Қостанайдағы өрт салдары 108 құрылысты зақымдаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы өрт салдары 108 құрылысты зақымдаған

04.09.2022

Әулиекөлдегі ахуал бойынша қазір ғана түскен соңғы ақпарат. 3 елді мекенде, М-36 Республикалық трассасының бойында, сондай-ақ орман аймағының 8 учаскесінде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Аманқарағай, Лесное, Озерное елді мекендерінде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл ауылдардан жалпы екі мыңға жуық адам эвакуацияланды.Олар Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырылуда. 10 адам жеңіл және орташа жарақат, күйік алып, уланды. Бесеуі жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта өрт 108 құрылысты жойып, зақымдаған.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу