ШҚО-да экскаватор жүргізушісінің қателігінен 9 ауыл газсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да экскаватор жүргізушісінің қателігінен 9 ауыл газсыз қалды

28.01.2021

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында экскаватор жүргізушісінің кесірінен 9 ауыл газсыз қалды. Көпір құрылысы бойынша жер қазып жатқан жүргізуші абайсызда магистральды газ құбырын зақымдаған. Салдарынан Айнабұлақ, Қаратал, Шалқар, Қайнар, Кеңсай, Жамбыл тәрізді тағы басқа бірнеше ауылдың 2 мыңнан астам халқы газдан ажырап қалған. Дереу Зайсан ауданы әкімінің жетекшілігімен штаб құрылып, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Газсыз қалған ауылдарға қатты отын жеткізілді. Таңертең апат салдары жойылды. Қазір абоненттерді газға қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу