Қостанай облысы: 8 өрт ошағы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы: 8 өрт ошағы анықталды

04.09.2022

Қостанай облысындағы төтенше жағдайға қатысты Экология министрлігінің орман шаруашылығы комитетінің өкілі шұғыл мәлімдеме жасады.

Ерлан Құтпанбаев, ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге бүкіл өрт болған жерді әуеден бақылау жүргізілді. Қазіргі уақытта ашық және жоғарғы өрттер жоқ. Сегіз өрт ошағы айқындалды. Сол жерлерде жұмыс жасау жүргізілуде. Қазіргі уақытта қосымша күштер келіп жатыр. Қорғаныс министрлігінен, Төтенше жағдайлар министрлігінен келген күшті осы сегіз ошаққа қою жұмыстары жүргізілуде.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу