Қостанай облысында орман өрті жиіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында орман өрті жиіледі

20.05.2021

Қостанай қаласының іргесінде орман өртеніп, бір гектарға жуық алқап жанып кетті. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Ал Қарабалық ауданына қарасты Песчанный ауылының маңында болған өрт трактордан ұшқан ұшқыннан тұтанғаны анықталды. Бұл оқиғаға ақауы бар техникамен алқапқа шыққан механизатор кінәлі деп танылды. Енді ол 36 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Сарыкөл ауданында шаруа қожалығы өкілдері бидайдың түбірін өртеу кезінде отқа ие бола алмай, соның салдарынан 5 гектардан астам жердің ағашы жанып кеткен. Кінәлілер анықталды. Енді олар әкімшілік заңға сәйкес жауапқа тартылады. Жалпы, биыл күн жылығалы облыста 9 рет орман өртенген. 

Алмаз Төлендин, ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы:
Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда биыл орман өрті 7-ге көбейді. Мысалы былтыр осы кезеңде 2 өрт қана тіркелген еді. Бұған мамыр айында күннің 32-35 градусқа дейін күрт ысуы себеп. Сондықтан тұрғындарға орманға баруға арнайы әкімнің қаулысымен қатаң шектеу қойылады.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу