Қостанай облысы: Пойыз қозғалысы қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы: Пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

04.09.2022

Қостанай облысындағы өртке байланысты тоқтатылған пойыздардың қозғалысы толығымен қалпына келтіріледі. Бұған дейін 17 пойыздың жүруі уақытша шектелгені туралы ақпарат тараған еді. Оның ішінде 6 жолаушылар және 11 жүк пойызы. Бұл туралы Қазақстан темір жолы компаниясы хабарлады. Түнде қызыл жалын Тобыл-Құсмұрын учаскесіндегі теміржол төсеміне қос қапталдан жақындаған. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін аталған аймақтардан өтетін пойыздардың жүруі кейінге шегерілген еді. Бұдан бөлек, өрт сөндіруге 250 теміржолшы жұмылдырылды. Инфрақұрылымды қорғауға бес өрт сөндіру пойызы жөнелтілген.

Қазір Қазақстан темір жолы компаниясында да жедел штаб құрылды. Жолаушылар толғандырған сұрақтары бойынша экранда көрсетілген телефон номерлеріне хабарласа алады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу