Ресейдегі Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткіші қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткіші қалпына келтірілді

12.11.2020

Ленинград облысының Кировск қаласында қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткіші қалпына келтірілді. Оның есімімен аталатын жергілікті гимназия ғимаратының жанындағы ескерткіш 2001 жылы орнатылған, алайда содан бері жөндеу көрмеген. Қалпына келтіру үшін шамамен бес миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. 

Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1940 жылы әскер қатарына алынған. Ленинград түбіндегі ұрыстарда жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан.

Индира Бегайдар

Ленинград Сұлтан Баймағамбетов

Хабарламаларға жазылу