Шығын 35 млн теңге: Шымкентте мектеп қызметкері оқушыларға арналған ноутбуктерді сатып жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығын 35 млн теңге: Шымкентте мектеп қызметкері оқушыларға арналған ноутбуктерді сатып жіберген

03.09.2022

Шымкенттегі мектептердің бірінде жабдықтау инженері болып жұмыс істеген азамат оқушыларға арналған ноутбуктерді сатып жіберген. Құмар ойынның шырмауына түскен ол қарызын өтеу үшін 200-ден астам техниканы қолды еткен. Жалпы шығын 35 миллион теңгеден асады. Ұтылыстан көз ашпаған жігіт оларды ломбардқа өткізіп, ақша алған. Кейбірін өзі сатқан. Бұл жайт мектептің мүлкін түгендеу кезінде белгілі болды. Артынша 28 жастағы күдікті ұсталған. Сот үкімімен ол 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, шығынды толығымен өтеуге міндеттеліп отыр. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу