Жолдаудың екінші бағдарындағы ең маңызды мәселелердің бірі – қала құрылысын қалыпқа келтіру. Қазіргі күні елімізде сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2500-ден астам құжат бар екен. Оның көпшілігі көнерген, бүгінгі стандартқа сай келмейді. Президент оны біріздендіріп, Үкіметке қала құрылысы кодексін әзірлеуді тапсырды. Әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілері көрсетілген интерактивті карта жасалуы тиіс.
Болат Сыздық, заң ғылымдарының кандидаты:
Өйткені құрылыс материалдарының сапасы өзгеріп, құрылысшылардың біліктілігі артып жатыр. Құрылыс техникасы өзгеріп жатыр. Бізге шетелдік, Түркиядан, Еуропадан, Қытайдан, Ресейден құрылыс технологиялары келіп жатыр. Бұл заңнаманың өзгеруін қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде жаңағы 2500 бұрыңғы кеңестік кезеңнен келе жатқан қатып қалған, сіресіп қалған құқықтық актілерді өзгертуге тура келеді.