Жаңа қала кодексі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа қала кодексі талқыланды

06.10.2023

Астанадағы құрылысқа жауап беретін ғылыми орталық құрылу керек. Ол жаңадан салынып жатқан нысандардың олқылықтарын анықтап, сапалы әрі қауіпсіз болуына септігін тигезеді. Бұл туралы Қазақстан халық партиясы фракциясы депутаттарының қала құрылысы кодексін талқылауға арналған кездесуде айтылды. Сарапшылардың пікірінше, бас жоспардан бөлек мастер жоспар да әзірлеу керек. Сонымен бірге, арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеу туралы да ұсыныс айтылды. Ол экономикалық және экологиялық дамуға әсер ететін нормалар болуы шарт, дейді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке жаңа тұжырымдамалық құжат қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырған еді.

Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі:

Қала құрылыс Кодексін жасаған кезде бізде негізгі аспектілер бар. Ол экономикалық даму, әлеуметтік жағдай жасау және де қоршаған ортаға тиісті жағдай жасау. Жай ғана нысандар салып емес оның қай жерге, қандай нысан қаншалықты тиімді салынғанын, заңбұзушылықты, ол жердегі бизнестің дамуына әсер ететін әдіс.


Хабарламаларға жазылу