Әзірге 20 миллиард теңге бөлінген. Жыл соңына дейін тағы бір транш түсуі керек. Алтай Көлгінов қытайлық құрылыс компаниясы қаржылық қиындық тумаса, нысанды екі жылда бітіруге уәде бергенін жеткізді. Ал жеңіл рельсті көлікті күтіп баптауға жыл сайын төрт миллиард теңге жұмсау жоспарланған.