Жолдауда халықтың мүдделері мен талаптары ескерілген – шетелдік сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауда халықтың мүдделері мен талаптары ескерілген – шетелдік сарапшылар

01.09.2022

Дипломатиялық миссиялардың өкілдері мен шетелдік қонақтар биылғы Жолдаудың басым бағыттары негізінен бұхара халық үшін жасалған дейді. Ең бастысы, Жолдауда халықтың мүдделері мен талаптары ескерілген. Шетелдік сарапшылардың пікрініше, бүгінгі Жолдауда дамыған мемлекет пен білікті қоғамды қайта құруға батыл қадам жасалып отыр.

Джеймс Паннета, АҚШ конгрессмені:

Биылғы Жолдау ерекше. Қолға алынып жатқан реформалар ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау салалаларына инвестиция көбірек тартылатын болады. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында да нақты шаралар қабылданып жатқаны қуантады.

Томас Суози, АҚШ конгрессмені:

Жолдауда көрсетілген шаралар шынымен батыл екенін көріп отырмыз. Кезектен тыс президенттік сайлау туралы шешімі де халыққа үлкен серпіліс берді. Барша азаматтар Қазақстан Президентінің саяси-әлеуметтік реформаларын қолдайтынына мен кәміл сенемін.


Хабарламаларға жазылу