Әкелеріне бармақ болған: Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкелеріне бармақ болған: Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп кетті

30.08.2022
Әкелеріне бармақ болған: Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп кетті

7 және 9 жастағы балаларды жүріп келе жатқан пойыздың үстінен 53 жастағы шопан байқап қалып, полицейлерге хабарлаған. Тәртіп сақшылары балаларды дереу іздеп тапқан.

Тексеру барысында балалардың анасымен бірге Қаратау ауылында тұратыны анықталды. Олар көрші ауылда тұратын әкесіне бару үшін Тамды бекетінде жүк пойызының соңғы вагонына көтерілген. Жол бойында пойыздың қатты жылдамдығынан қорқып, секіріп кеткен.

Өкінішке қарай, 7 жастағы бүлдіршін ауруханада қайтыс болды. Ал екінші баланың жағдайы ауыр.

Хабарламаларға жазылу