Тамыз кеңесі: Шымкентте жаңа оқу жылына жаңалық көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз кеңесі: Шымкентте жаңа оқу жылына жаңалық көп

26.08.2022

«Құндылыққа бағдар: Сапалы білім. Өзін-өзі бағалау және жаңа мүмкіндіктер.» Шымкентте педагогтардың тамыз конференциясы осындай атаумен өтті. Жиынға шаһар мектептерінде еңбек ететін мыңға жуық мұғалім қатысып, жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Конференцияға келген қауым жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар мен мүмкіндіктерді паш ететін арнайы көрмемен танысты. «Цифрлық білім беру платформалар», «Үздік педагогтер шығармашылығы, және «Әдістемелік шеберхана» аллеясы келген қонақтардың назарын бірден аударды.

Кәсіби қарым-қатынас алаңына жиналғандардың қарасы қалың. Бұған дейін 32 панельдік секция түрлі іс-шара өткізді. Ал, бүгін атқарылған жұмысты қорытындылайтын сәт. Жаңа мақсат, міндеттер мен бағыт-бағдарды айқындайтын кез.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

Биыл апатты мектептер проблемасы толығымен шешілді. Үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендеді. 2025 жылға дейін 101 мектеп салынады деп жоспарланса,оның 51-і пайдалануға берілген. Білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасына көңіл бөлініп, 7 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Мектептер физика, химия, биология және робототехникаға арналған 278 арнайы пәндік кабинетпен жабдықталады.

Жанат Тәжиева, Қалалық білім басқармасының басшысы:

Тамыз кеңесінің негізгі бөлігінен кейін қала әкімі бірқатар ұстазға арнайы марапат тапсырды. Саналы өмірін сапалы ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұлағатты жандарға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.алтынсарин» төсбелгісі табыс етілді.

Ұлжалғас Есім, марапат иесі:

Биыл балалар үшін - айрықша жыл! Қала әкімі балаларға қамқорлық жасап, олардың өмірін қауіп-қатерден сақтаған үлкен жүректі жандарға алғыс білдірді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу