Алматыда 30 мың оқушыға орын тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 30 мың оқушыға орын тапшы

21.11.2019

Алматыда 30 мыңнан астам оқушыға мектепте орын жетпейді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері айтты.

Былтырға қарағанда, биыл мектеп оқушыларының саны 17 мыңға артқан. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Осы проблеманы шешу үшін ірі мегаполисте алдағы жылдары 8 мектеп салынбақшы. 

Бұдан бөлек, шаһарда жалпы білім беретін 205 мектепте 261 мыңнан астам бала білім алып жатыр.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу