Кәсіпкерлер кеңесі: Ауыл шаруашылығы саласын реформалау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер кеңесі: Ауыл шаруашылығы саласын реформалау қажет

24.08.2022

Елде ауылшаруашылық тауар өндірушілері субсидия алып, өнімді экспортқа шығарып жіберетін жағдайлар жиілеген. Осының салдарынан кей тауарлар тапшы. Бұл бағаның өсуіне тікелей әсер етеді. Отандық кәсіпкерлер кеңесін өткізген Премьер-министр мұндай өнімдердің бір бөлігі ішкі нарықта сатылуы керек дейді. Сондықтан өндіріс кезінде ішкі тұтыну көлемін де ескеру қажет. Үкімет басшысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені қысқа мерзімде пысықтауды тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Қазір «Атамекен» ҰКП-мен бірге кәсіпкерлерге қойылатын талаптар қайта қаралып жатыр. Субсидиялау ережелеріне сәйкес, бизнес тап болатын барлық түсініксіздіктер мен қайшылықтарды олардың көмгімен жою бойынша жұмыс жүргізу қажет. Мұны қысқа мерзімде жасау керек.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу